24.12.2014, 03:12

Қазақстанның басым аумағында қар жауып, тұман түседі

Сурет, foto.spbland.ru

Еліміздің басым өңірінде атмосфералық ағымдардың өтуінен күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, деп хабарлайды Skifnews.kz «Қазгидромет РКМ»-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің хабарлауынша, республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында күн ашық болады,

Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді деп болжанған.

Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде. 

Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерлерде тұман түседі. 

Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Атырау облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жел соғып, тұман түседі, көктайғақ болады. 

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ті құрайды.  Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді, тұман түсіп, көктайғақ болады.