$ 448.15  483.46  4.86

Астанада қылмыстың 70%-ын өзге қалалардан келушілер жасайды

Астана қаласының ІІД-і ұдайы қылмыстық жағдайға талдау жасап отырады, соның негізінде оның өзгеруіне қатысты әрекет етудің кешенді шаралары қолданылады. Қалада қылмыстардың санының артуына бірқатар объективті факторлар бар. Ең алдымен, қаладағы оперативтік жағдайға миграциялық процестердің жоғары болуы әсерін тигізеді, деп хабарлайды Skifnews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астана қаласына жыл сайын тұрақты тұру мақсатында 50 мыңнан астам адам келеді. Жыл басынан бері 100 мыңнан астам адам ұлттық төлқұжат пен жеке куәлік алған. Жоғалған құжаттарды қалпына келтіру бойынша 20 мыңнан астам іс аяқталды. Өзге аймақтардан да адамдардың көп келетіні байқалады. Олардың көбі, қоғамдық өмірге бейімделе алмай, қылмыс жасауға барады.

Талдау көрсеткендей, қылмыстардың 70%-ын басқа қаладан келгендер және 80%-ын жұмыссыздар жасаған. Мысалы, елордалық полиция қызметкерлері кісі өлтіргені үшін 27 жастағы Қостанай облысының бұрын істі болған тұрғынын ізін суытпай ұстады. Күдікті мен оның танысы спирттік ішімдік ішіп, өзара дауласып қалған. Олар көшеге шығып, істің мән-жайын анықтамақ болған. Төбелес кезінде қамауға алынған жігіт танысының басынан балғамен (құрылыс қайласы) бірнеше рет ұрып, өзі оқиға орнынан ізін суытпақ болған. Алған жарақаттан ер адам оқиға орнында көз жұмды. Жәбірленушінің аты-жөні анықталды. Ол бұрын сотты болған, еш жерде жұмыс істемейтін Жамбыл облысының 38 жастағы тұрғыны болып шықты. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті қолға түсті. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

19 желтоқсанда Астана қаласының Алматы аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне А есімді азамат жүгініп, автобуста ақша мен жеке құжаттары салынған әмияны ұрланғанын айтқан. Жедел-іздеу шаралары барысында полиция қызметкерлері Қарағанды облысының 22 жасар тұрғынын ұстады. Күдікті бұған дейін де ұрлық пен тонау бойынша бірнеше рет жауапқа тартылған. ҚР ҚК 175-бабы («ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Аталған тұлғаның осы сияқты басқа қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Биылғы жылы тіркеу және құжаттау ережелерін бұзғаны үшін 15 мыңнан астам азамат (ҚР ӘҚБК 377 б.), соның ішінде 400-ге жуығы Тұрғын-жай меншік иесiнiң немесе қарамағында үй-жайлары бар басқа да адамдардың ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бұзу бабы бойынша (ҚР ӘҚБК 378б.) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Астанада түрлі құрылыс нысандарының салынуына байланысты еңбек мигранттарының заңды және заңсыз көші-қонының айтарлықтай ағыны байқалып отыр. Осыған орай ішкі және сыртқы көші-қонды бақылауды күшейту бойынша шаралар қолданылып жатыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары