$ 443.85  474.3  4.8

Алматыда оқыс оқиғадан алты жасар бала қайтыс болды

Алматыда үстіне теледидар құлаған 6 жасар бала қайтыс болды,  деп хабарлайды СТВ телеарнасы.

Оқиға 23 желтоқсанда шамамен сағат 20.00-де Брусиловский және Шәкәрім көшелерінің қиылысындағы «Манхеттен»  тұрғын үй кешенінде болған. Көршілер жетінші қабаттан жарылыстың дыбысын естіген. Оқиға орнына жедел құтқару қызметі шақырылды. Пәтерді қарап шығу кезінде құтқарушылар үйде жалғыз қалған 6 жасар баланың үстіне теледидар құлғанын анықтады. Баланың анасы оны дәрігерлерге өзі алып шыққан. Жедел медициналық жәрдем қызметкерлері баланың қайтыс болғанын анықтады, оның өлімі кежеге сүйегінің сынуынан болуы мүмкін.     

Алмалы ауданының полицейлері тергеу сараптамаларын жүргізу үшін баланың денесін мәйтханаға алып кетті. 

Естеріңізге сала  кетейік, таяуда  Қарағандыда үй қабырғасына бекітілген теледидардың бір жасар баланың басына түсіп кеткені хабарланған болатын. Ауруханаға жеткізілген бала есін жинамастан қайтыс болды. Ал тамыз айында Ақтауда терезеден лақтырылған теледидар үш жасар баланың үстіне түскен еді. Бала комаға түсіп, көру қабілетінен айырылып қала жаздаған. Туыстары кінәлі адамнан 11 миллион теңге өндіріп алғалы отыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары