$ 446.49  475.38  4.79

Индонезиялық құтқарушылар AirAsia ұшағын іздеуге арналған арнайы жабдықтарға мұқтаж

Индонезия жоғалған ұшақты іздеуге арналған арнайы жабдықтарға, соның ішінде ұшақты көтеруге арналған су асты аппараттарға мұқтаж болып отыр. Мұндай мәлімдемені Индонезия ұлттық іздеу және құтқару агенттігінің басшысы Бамбанг Соэлистио жасады, деп хабарлайды Bnews.kz.

«Осыған байланысты жабдықты басқа елдерден алу үшін мен Сыртқы істер министрлігіне жүгіндім», – деген ведомство басшысы тиісті жабдықты Франция, Ұлыбритания және АҚШ елдері ұсына алатынын қосты. 

Оның айтуынша, іздеу аймағы – Белитунг аралынан Калимантан батыс бөлігіне дейін –7 секторға бөлінген, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС. Сондай-ақ агенттік басшысы «алынған координаттар мен ұшақтың апатқа ұшырауы мүмкін аймағын бағалау нәтижелеріне сүйеніп, әуе кемесі теңіз түбінде жатуы мүмкін деп пайымдауға болатынын» мәлім етті. Алайда ол «бұл бар болғаны алдын ала болжам» екенін атап өтті. 

Естеріңізге сала кетейік, AirAsia компаниясының лайнері Сурабая қаласынан Сингапурға бағыт алған еді. Әуеге көтерілгеннен кейін 40 минуттан соң ұшақ радар экранынан жоғалып кетті. Airbus А320-200 ұшағының бортында 155 жолаушы, сондай-ақ экипаждың 7 мүшесі болған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары