29.12.2014, 08:02

Қостанайда өзін әкімдік қызметкерімін деп таныстырған алаяқ сотталды

Сурет, bnews.kz

Өзін әкімдік қызметкерімін деп таныстырған алаяқ айыпты деп танылып, мүлкі тәркілене отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жазасын өтеуші пәтер алаяқтығымен айналысқан.

«Қылмысты ол «қасақана қаскөйлік ниетпен жасап, алдау-арбау арқылы жәбірленушіден ақшалай қаражат қымқыруды мақсат еткен», – делінген хабарламада. – өзін әкімдік қызметкерімін деп таныстырған ол жәбірленушілерді алдап, мемлекеттік бағдарлама бойынша жалдамалы пәтер алуға жәрдемдесемін деп алдаған.  Арам ниетімен жалпы сомасы 1 млн. 770 мың теңге ақшалай қаражат жымқырып үлгерген».

Алаяқ жазасын жалпы режімдегі түзеу мекемесінде өтейтін болады.