29.12.2014, 10:16

«Қайрат» ХФК атауы «Астана-Қайрат» болып өзгертілді

«Самұрық-Қазына» ғимаратында «Қайрат» АФК футзал клубының «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубына кіруіне арналған баспасөз мәжілісі өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

«Астана» КФ бас директоры Владимир Смирновтың айтуынша, «Астана-Қайрат» футзал клубының» құрылуы – «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубы» КФ пен алматылық «Қайрат» футзал клубы арасында 2013 жылғы 19 қарашада бекітілген меморандум аясындағы табысты ынтымақтастық нәтижесі.