29.12.2014, 11:08

Ақтөбеде ірі көлемде қаржы жымқырған алаяқ қолға түсті

Сурет, today.kz

Ақтөбе облысында жыл басынан бері криминалдық полиция қызметкерлерімен алаяқтықтың 1450 фактісі анықталған, деп хабарлайды Skifnews.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары тарапынан жүргізілген ескертулерге қарамастан көптеген адамдар алаяқтардың құраны болып отыр.

Ағымдағы жылғы 26 желтоқсан сағат 23.30-да кезекші бөлімге 37-жастағы қала тұрғыны шағымданып, 2014 жылдың шілде айында жер комитетінің ғимаратында бейтаныс әйел сенімге кіру арқылы Ақтөбе облысы аумағынан арзан бағамен жер алуға көмектесемін деп 5 млн. 693 мың теңгесін алып кеткенін айтқан.

Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері аталған қылмысты жасады деген күдікпен 53-жастағы қала тұрғынын ұстады.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК 177-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда.