29.12.2014, 12:05

Елбасы қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады

Cурет, © Ақорданың баспасөз қызметі

И.Тасмағамбетов кездесу барысында Мемлекет басшысына министрліктің қазіргі қызметі мен келер жылғы міндеттері туралы баяндады, деп хабарлайды Skifnews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қарулы күштердің жауынгерлік қабілетін әрі қарай жетілдіру мен елдің қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамытудың маңыздылығына назар аударды.

Қорғаныс министрі сондай-ақ Қазақстан армиясын заманауи қару-жарақпен және әскери техникамен жабдықтау жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.