30.12.2014, 04:37

Алматыда жер сілкінісі тіркелді

Сурет, kurer-sreda.ru

30 желтоқсан күні Алматы уақыты бойынша сағат 09.27 минутта «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Skifnews.kz аталмыш ведомостоваға сілтеме жасап.

Оның ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 85 шақырым жерде, Қазақстан аумағында болды.

«Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.0, магнитудасы – 4,4. тереңдігі – 15 шақырым. Жер асты дүмпулері сезілген жоқ», – делінген хабарламада.