$ 498.34  519.72  4.85

Өзбек билігі шенеуніктер арасындағы трайбализммен күреспек

Ташкентте "Мемлекеттік қызмет жөніндегі" жаңа заң жобасын таныстырылды деп жазады centralasian.org.

Podrobno.uz интернет-басылымының хабарлауынша, жаңа заң жобасы мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің кадрлық құрамын қайта құрылымдауға, адал қызметкерлерді материалдық және бейматериалдық тұрғыда марапаттауға және коррупцияға қарсы тұруға арналған.

Өзбекстанның жұмыспен қамту және еңбек қатынастары жөніндегі министрі Азиз Абдухакимов заң жобасы халықаралық тәжірибеге сүйеніп әзірленгенін атап өтті. Мәселен құжатқа меритократия ұғымы енгізілгені айтылады. Оған сәйкес әлеуметтік және қаржылық жағдайына қарамастан қабылетті адамдарды басшылық қызметке тарту қарастырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары