30.12.2014, 06:41

Қазақстан Аяз Атаға бойкот жариялауы мүмкін

Сурет, facebook

Мұсылмандар Жаңа жыл мерекесіне қарсылық білдіруде, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Әлеуметтік желіде Жаңа жыл мейрамын тойлауға қарсы постер пайда болған.

«Мен Мұсылманмын. Жаңа жылға қарсымын», – делінген постерде.

Жаңа ұсыныс әлеуметтік желіде қызығу талқыға түсті. Кейбір интернер қолдаушылар бұл бастаманы қолдаса, енді бірі бұған үзілді-кесілді қарсы. Жаңа бастаманы қолдаушылар бұл мейрам аясында көптеген қаржы жұмсалатындығын  және аталмыш мерекенің қазаққа жат екендігін алға тартып отыр.

Айта кетейік, Қазақстанда Жаңа жыл мерекесі 2 тойланады: 1 қаңтар – еуропалық дәстүрлерге сәйкес, ал 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні, яғни күн мен түн теңелген қасиетті мезгіл.