01.01.2015, 04:41

Сырдарияда, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін

Сурет, news.gazeta.kz

Таяу күндері, 1-5 қаңтарда Сырдария өзенінде, Алматы және Шығыс Қазақстан облысының жекелеген өзендерінде су деңгейі көтеріледі, деп хабарлайды, Skifnews.kz  «Қазгидромет» РКМ-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің хабарлауынша, республиканың оңтүстігінде таудың төменгі өзендерінде жауын-шашын орын алуына байланысты су деңгейі ұлғаюы ықтимал. Қазақстанның батыс, солтүстік, орталық аймақтарында қысқы режім сақталады.