04.01.2015, 03:00

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қатты жел соғады

Сурет, news.mail.ru

Республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады, тұман түседі, деп хабарлайды Skifnews.kz «Қазгидромет» РКМ-ға сілтеме жасап.

Қостанай, Ақмола обыстарында желдің күші 15-20 м/с болып, кей жерлерде боран соғады, күндіз кейбір аймақтарда көктайғақ болады.

СҚО, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с боатын жел соғып, бұрқасын болады.

Павлодар облысының кейбір аймақтарында боран болады, желдің күші 17-22 м/с болады.

Алматы облысының бірқатар жерлерінде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23 м/с-қа дейін барады.

Жамбыл, ОҚО, Қызылорда облыстарында тұман, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с. Атырау, БҚО, Ақтөбе обыстарының бірқатар аймақтарында боран соғып, көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады.

Маңғыстау облысында көктайғақ болады деп күтілуде.