$ 447.4  477.55  4.76

Ақтауда Жеңістің 70 жылдығына орай «Мәңгілік алау» ескерткішін абаттандыруға 62 миллион теңге бөлінеді

Ақтауда Жеңістің 70 жылдығына орай «Мәңгілік алау» ескерткішін абаттандыруға 62 миллион теңге жұмсалады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған шараларды өткізу үшін 2015 жылдың бюджетіне 17 миллион 489 мың теңге жоспарланған. Атаулы мерекеге қарсы «Мәңгілік алау» ескерткішін абаттандыру жұмыстарына 62 миллион теңге жұмсалмақшы. Бұл туралы мәслихаттың 26-шы сессиясы кезінде Ақтау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы Ада Ким хабарлады.

Ақтау қалалық мәслихатының депутаттары осындай қаражаттың қалай жұмсалатыны туралы мәселені көтерді. Қаланың сәулетшісі Мұрат Тілеубаев бүгінде ескерткіштің өзін қалпына келтіру, сондай-ақ оның жан-жағын абаттандыруды қарастырылған жобасы жасалғанын түсіндірді.

Ада Кимнің айтуынша, 2015 жылғы бюджетте тағы 496 миллион теңге алтыншы шағын ауданды абаттандыру жұмыстарын өткізуге қарастырылған. Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының айтуынша, бұл жұмыстарға жаяу жолдарды ауыстыру мен жөндеу, ішкі шағын аудандық жолдарды жөндеу, көлік тұрақтары, балалардың ойын алаңдарын орнату кіреді. Алтыншы шағынаудан «ілкі» болып, кейінгі жылдары қаладағы барлық «ескі» аудандарда жөндеу жұмыстарын өткізу жоспарлануда.

«2015 жылы 22-27-шағын аудандарында кеспе тас төсемдерін ауыстыру жұмыстарын өткізуге 72,5 миллион теңге қарастырылған. Тағы 70 миллион теңге «Гелиос» көлікке жанармай құю ауданындағы қалаға кіреберісті абаттандыруға қарастырылған, онда жаңа сәулет пішіндерін орнату жоспарланып отыр», ‒ дейді Ада Ким.

«Лада.кз» сайтының хабарлауынша, «АУЭС» кәсіпорнына  арнайы техниканы сатып алу үшін 2015 жылға қарай бюджетте тағы 37 миллион теңге қарастырылған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары