$ 446.49  475.38  4.79

Калачи ауылында әлеуметтік қызметкер «ұйқы дертіне» шалдықты

Есіл ауданындағы Калачи ауылында әлеуметтік қызметкер «ұйқы дертіне» шалдықты. Бұл туралы Есіл аудандық ауруханасының бас дәрігері Қабдырашит Әлмағамбетовпен хабарласқанында белгілі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Бас дәрігер Калачи ауылындағы науқас қарияға қарап жүрген 1967 жылғы әлеуметтік қызметкердің «ұйқы дертімен» аудандық ауруханаға түскенін растағанымен, өзге ақпарат беруден бас тартты.

Еске сала кетсек, соңғы 10 күннің ішінде 30-дан астам адам «құпия аурумен» науқастанып, аудандық ауруханаға  жатқызылған болатын. Науқастардың барлығын дерлік дәрігерлер емдеп, аяғынан тік тұрғызып жібергенімен, бұл дерттің неден болып отырғанын анықтауға қауқарсыз болып отыр. Тіпті тұрғындардың кейбірулерін дерт екі-үш реттен сұлатып тастап жатқан жайы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары