Демалыс аймағында бассейнде демалып жатқандардың көз алдында 12 жастағы ер бала суға ағып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«26 шілдеде сағат 21.00-де Тараз маңындағы Байзақ ауданында «Аю-Тропик» демалыс аймағында бассейнде шомылып жатқан 12 жастағы А. В Орынбай суға батып кетті. 21.30-да оның мүрдесін куәгерлер алып шығып, жедел жәрдем бригадасына табыс етті», - деді өңірдің ТЖД баспасөз қызметі. Іздеуге 150 адам жұмылдырылған. Ер баланың мүрдесін жергілікті тұрғындар оқиға орнынан 19 шақырым жерден арна ағысының түбінен тапты.