$ 445.66  474.58  4.78

ПСЖ Мессиді сатып алу үшін 250 млн еуро төлеуге дайын

Францияның ПСЖ футбол клубы аргентиналық шабуылшы Лионель Мессиді сатып алу үшін рекордтық ақша төлеуге дайын деп жазады «Mundo Deportivo» порталы. 

Месси Каталониядан қай уақытта кеткісі келсе француздық клуб оны сол кезде-ақ сатып алуға дайын. «Барселона» футболшысы үшін ПСЖ 250 миллион еуро санап беруге әзір екендіктерін мәлімдеп үлгерді. Ал, Лионель Мессидің «Барселонамен» келісімшарты 2018 жылға дейін жасалған.

Айта кетейік, ПСЖ сапында ең көп жалақы алатын футболшы – швециялық Златан Ибрагимович. Оның келісімшарты 2016 жылы аяқталады. УЕФА-ның қаржылық фэйр-плей ережесіне сәйкес, Мессиді сатып алу үшін 2016 жылды күтуге тура келеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары