$ 444.22  476.38  4.82

Ақмола облысында жол апатынан екі жасар сәби көз жұмды

Ақмола облысында жол апатынан екі жолаушы, соның ішінде екі жасар сәби көз жұмды, тағы 8 адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Skifnews.kz облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты Зеренді ауданында, «Көкшетау-Рузаевка» тас жолының 52 шақырымында орын алған. Ақмола облыстық ТЖД-дан мәлімдегендей, «Мерседес-бенц» пен «Ауди-80» көліктерінің соқтығысуы салдарынан 1987 және 2012 жылғы екі жолаушы ауруханада қайтыс болды. 

«Сондай-ақ 8 адам ауруханаға жеткізілді, олардың арасында 11 жасар ер бала мен емшектегі сәби бар», − деп толықтырды баспасөз қызметінен. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары