$ 446.49  475.38  4.79

Қазақтың боқтық сөздерінің анықтамасы Уикипедияда пайда болды

Мақала авторы қазақ тілінің боқтық сөздерге бай, оралымды, терең тіл екенін жазушылардың еңбектеріне сілтеме жасау арқылы дәлелдейді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

«Уикипедия» ашық энциклопедиясында қазақ тіліндегі балағат сөздерге қатысты мақала осы жексенбі күні жарияланған.

Мақалада қазақ тілінде кең қолданыс тапқан боқтық сөздер келтірілген.

Сонымен қатар, қазақ тілінің боқтық сөздерге бай екенін жазушы Герольд Бельгерде растайды.

Оның пікірінше, қазіргі қазақтар көбінесе орысша боқтайды. Әрі Герольд Бельгердің айтуынша, қазақтар қазақша боқтағанда ғана өз тілдерінде сөйлей алады. Қазақтың боқтық сөздері образды және бай болып келеді.

Ал ғалым Ақселеу Сейдімбек өз ойын былайша білдіреді: «Қазір кез келген қазақ жастары бір-бірімен сөйлескенде өздерінің сөз аралық байланысын орыстың боқтық сөзін қосу арқылы жеткізеді. Орыстың өте жағымсыз, бейпіл сөздерін жиі қолданады».

«Сонымен қатар, қазақтың көнерген балағат сөздерінен басқа тұрмыста орыс тілінен енген сөздер де кеңінен қолданыс тапқан. Айта кетерлік бір жайт, бұл сөздер қазақ тілінің фонетикасына сай өзгертілген», - делінген Уикипедиядағы мақалада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары