$ 445.66  474.58  4.78

Ақмола облысында екі адам қаза тапқан жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақмола облысында екі адам қаза тапқан жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Skifnews.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Естеріңізге сала кетсейік, қайғылы оқиға қаңтардың 4-і күні Зеренді ауданы аумағы арқылы өтетін «Көкшетау-Рузаевка» тас жолының 52 шақырымында орын алған болатын. Жолдың қарсы бағытынан шығып кеткен «Мерседес бенц» көлігі «Ауди-80» көлігімен соқтығысқан. Жол апатынан 27 жастағы ер адам мен 2 жасар сәби ажал құшып, 8 адам ауруханаға түсті.

 Осыған байланысты ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары