$ 448.56  478.03  4.79

Алматы мен Алматы облысында электр қуатының бағасы 7,5 пайызға өсті

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Алматы қаласы мен Алматы облысының тұтынушылары үшін электр қуатының бағасы 7,5 пайызға өсті. Бұл туралы Алматы Энергия кешенінің жұртшылықпен байланыс бойынша Жалпы қызмет көрсету орталығы  (ЖҚКО) мәлімдеді. 

«Электр энергиясын көлеміне қарай пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар үшін дифференциалды тарифтер (12% – ҚҚС есептегенде) бірінші деңгейлі тариф – 1 кВт.сағ. 15,43 теңге (бұған дейін 14,36 тг/кВт.с болып келген), екінші деңгейлі тариф - 1 кВт.сағ. 20,90 теңге және үшінші деңгейлі тариф – 1 кВт.сағ. 26,13 теңге болды» – делінген мәлімдемеде.

Ал тәулік мезгілі бойынша сараланған тариф (12%-ҚҚС есептегенде), екі зоналы есептеу жүйесі бойынша: күндізгі тариф (с 7-00 до 23-00) – 1 кВт.сағ. 22,33 теңге, ал түнгі тариф (с 23-00 до 7-00) – 1 кВт.сағ. 4,92 теңге көлемінде белгіленді.

Сондай-ақ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС үш зоналы есептеу жүйесі бойынша: күндізгі тарифті (7-00-ден 19-00-ге дейін) – 1 кВт.сағ. 17,42 теңге, ең жоғары деңгейдегі тарифті (19-00-ден 23-00-ге дейін)  – 1 кВт.сағ. 36,48 теңге және түнгі тарифті (23-00-ден 07-00-ге дейін) – 1 кВт.сағ. 4,92 теңге көлемінде бекітті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары