$ 443.85  474.3  4.8

Із-түссіз жоғалып кеткен Ақмола облысының тұрғыны табылды

Ақмола облысының тәртіп сақшылары 22 желтоқсан күні із-түссіз жоғалып кеткен Щучье тұрғынын тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Щучье тұрғыны 28 желтоқсан күні Бурабай АІІБ-ге 53 жастағы жұбайының жоғалғаны туралы хабарлаған.

«Ол 19 желтоқсан күні өзінің «Мерседес-бэнц» автокөлігімен Қостанай облысына кеткен. Ал 22 желтоқсанда Қызылорда облысының Арал қаласына барған. Әйелінің айтуынша, ол осы күннен бастап байланысқа шықпаған», – дейді Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Полицейлер оның қайда екенін анықтаған.

Ер адам Қарағанды облысының Жезқазған қаласында болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары