$ 448.56  478.03  4.79

Қостанай облысында Жаңа жыл түні мас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кеткен

Қостанай облысында мас жүргізуші Жаңа жыл түні 18 жастағы қызды қағып кетті. Қазір бойжеткен ауруханада ес-түссіз жатыр, деп хабарлайды BNews.kz.

Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты 1 қаңтар күні таңғы сағат 7:30-да Жангелді ауданындағы Торғай ауылында орын алды. «Лада» көлігін тізгіндеген 28 жастағы жүргізуші жас қызды қағып кеткен. 

Жол апаты салдарынан жәбірленушінің басына, миына және бүйрегіне зақым келді. Қазір ол облыстық ауруханада жатыр. Ал көлік жүргізушісі жеңіл жарақат алған. ЖКО кезінде жас жігіт орташа деңгейлі алкогольді мастану күйінде болған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары