$ 449.58  486.94  4.86

Қазақ хандығының 550 жылдығы шет елдерде атап өтiледi

Қазақ хандығының 550 жылдығы шет елдерде атап өтiледi. Бұл туралы ҚР сыртқы iстер министрi Ерлан Ыдырысов Қазақстан халқын Жаңа жыл мерекесiмен құттықтауында мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Сонымен қатар біз Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан Республикасы Ата заңының 20 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы тәрізді еліміздің ішкі өмірінде болып жатқан маңызды оқиғаларды атап өтуге, соның ішінде шет елдерде атап өтуге дайындалудамыз», – дедi ол.

Ол сондай-ақ болашақта жасалатын нақты жұмыстарға да тоқталып өттi.

Оның айтуынша, жаңа жылда Сыртқы істер министрлігі «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыруға барынша қолайлы сыртқы жағдайларды қамтамасыз ету үшін дәл осылай белсенді түрде қызметін жалғастыратын болады, яғни отандық экономиканы нығайту, отандастарымыздың әл-ауқатын арттыру мен Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 ел қатарына кіргізу мақсатына жақындату бағытында жұмыстар атқарылады.

«Әрине, біз Елбасының сыртқы саяси бағытын іске асыра отырып, Ауғанстаннан халықаралық контингенттің негізгі бөлігінің шығарылуы, ядролық қарусыздану мен оны таратпау саласындағы мәселелердің көкейкестілігін ескере отырып, әрі қарай өңірлік және ғаламдық қауіпсіздікті нығайту үшін күш-жігерімізді жұмсай түсетін боламыз», деп атап өтті министр.

Сондай-ақ ол Астанада Ислам Ынтымақтастық Ұйымының Азық-түлік Қауіпсіздігі жөнінде Ислам Ұйымын құру бойынша, дамуға ресми көмек көрсету жүйесін құру, соның ішінде KazAID агенттігін құру, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық, Қазақстанның кандидатурасын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүшелікке ілгерілету бойынша жұмыстардың жалғасатынын айтты.

«Біз тұрақты әріптестерімізбен де, жаңа әріптестерімізбен де, әсіресе, Африка мен Оңтүстік Америка секілді біз үшін айтарлықтай жаңа аймақтардағы достарымызбен өзара тиімді қарым-қатынастарымызды нығайта түсуге күш салатын боламыз», – делiнген министрдiң құттықтауында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары