$ 444.22  476.38  4.82

Қазақтың боқтық сөздері Уикипедияда дыбысталатын болады

Атышулы мақаланың авторы алдағы уақытта ашық энциклопедия базасында боқтық сөздердің дыбысталатын үлгісін орналастыруға сөз берді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Естеріңізге сала кетейік, өткен демалыс күндері  Уикипедияда қазақ тілінде кеңінен қолданылатын боқтық сөздердің анықтамасы жарияланған болатын. Бұл ақпарат шығысымен мақала авторы Есет Бибіталин алдағы уақытта өз еңбегін толықтырып жазатынындығын хабарлады.

«Біздің билік бұл мақаладан кейін шыққан шуға қарамастан Уикипедияны бұғаттап тастамайтын шығар. Ал оған дейін... мақаланы аяқтап тастайын (ол толық емес) және қазақтың боқтық сөздерінің дыбысталған үлгісін жүктейін», – деп жазған Есет Бибіталин әлеуметтік желіде.

Сонымен қатар, Бибіталин мақаланы не себепті жазғанын да атап өтті.

«Бұл мақаланы жазуды бұрыннан бері ойлап жүрдім. Әрі ғаламторда бұл туралы жүйелі ақпарат жоқ. Googl-дан «қазақтың боқтық сөздері» деп ақпарат іздесеңіз, сізге қажет емес материалдар шығады», – дейді атышулы мақаланың авторы.     

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары