$ 513  541.16  4.69

ОҚО-да көлік ұрылары ұсталды

Өткен жылы Шымкент қаласында автокөліктер жиі ұрлана бастаған. Тәртіп сақшылары тиісті тергеу жұмыстарын жүргізіп, осы іске қатысы бар деген күдікпен үш азаматты құрықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен жылдың қазан айының соңында Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің кезекші бөліміне Шымкент қаласы Байтұрсынов көшесі бойындағы үйлердің ауласының бірінен автокөлік ұрланғаны жөнінде хабар келіп түскен. Оқиға орнына дереу жеткен шұғыл-тергеу тобы анықтағанындай, түнгі сағат 23:00 шамасында белгісіз тұлғалар, облыс орталығының 26 жастағы тұрғынының құны шамамен бір миллион теңгені құрайтын «Мерседес-Бенц» автокөлігін ұрлап кеткен. Тәртіп сақшылары оқиғаға куә азаматтардан сұрау алып, жоғалған автокөліктің жобасын Шымкент ҚІІБ жол-патрульдік полициясына береді. «Ұстау» жоспары жарияланады. Түнгі сағат 01:00 шамасында полицейлер аталмыш автокөлікті Рысқұлов көшесінің бойында орналасқан ойын-сауық кешенінің алдынан табады. Автокөліктің жұргізуші жақ бетіндегі терезесі сынған. Тәртіп сақшылары автокөлікке керекті тексеру жұмыстарын жүргізіп болған соң, заңды иесіне қайтарып берді.

Соңғы бірнеше ай ішінде осы арызға ұқсас бірнеше азаматтар өздерінің автокөліктерінің жоғалғандығы жөнінде полицияға хабарлаған.

Шымкент ҚІІБ-ның криминалды полиция жедел уәкілдері аудандық тәртіп сақшыларымен бірлесіп өткізген шұғыл-іздестіру шараларының нәтижесінде автокөлік ұрлады деген күдікпен 3 азамат қолға түсті. Олар Шымкент қаласының 1997, 1999, 2001 жылғы тұрғындары болып шықты. Ұсталғандардың бірі бұдан алдын автокөлік ұрлағаны үшін сотты болған.

Полицейлер ұсталғандардың тағы 20 автокөлік ұрлығына қатысты екендіктерін анықтады. Күдіктілердің бірі, 18 жасар азамат өз ұрлықтарын бір әдіспен жасағандарын мойындады. Олар негізінен иелері қараусыз тастап кеткен автокөліктерді, арнайы дабылдары жоқ автокөліктерді және де көп қабатты үйлердің ауласында тұрған автокөліктерді арнайы құралдарымен есіктерін бұзып, ұрлап отырған. Күдіктілер ұрлаған автокөліктерімен түнгі қаланы қыдырып, содан соң оларды тастап, оқиға орнынан бой тасалаған.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары тергеу барысында 18 жасар күдікті тағы да 10 пәтер ұрлығына қатысты екенін анықтады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары