$ 443.85  474.3  4.8

«Шахтер» футбол клубының жаңа директоры тағайындалды

«Шахтер» ФК-ның жаңа директоры тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл қызметті Жарылғапов Нұрғазы Ғалымұлы атқаратын болды.

Жарылғапов Нұрғазы Ғалымұлы 1963 жылы туған. Бокстан ҚР еңбек сiңiрген бапкері, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің құрметті профессоры, мамандығы бойынша заңгер, экономист, педагог. Нұрғазы Жарылғапов ШҚО, Қостанай, Қарағанды облыстары бойынша кеден басқармаларын басқарған, ҚР Кеден комитеті төрағасының орынбасары болған. Қарағанды облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасына жетекшілік еткен. 

Қазіргі уақытта аталмыш клуб ойыншыларының негізгі құрамы мен жаттықтырушылар тобы Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарына аттанды.

Халилин Ерден Балтабайұлы өзге қызметке ауысуына байланысты бұл орыннан босатылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары