$ 499.51  525.83  4.62

Астанада 150 мың текше метр қар шығарылды

Астанада 2015 жылғы 1-5 қаңтар аралығында 146 993 текше метр қар шығарылды, деп хабарлайды Skifnews.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нақты айтар болсақ, Алматы ауданында – 55 332 текше метр, Есіл ауданында - 57 087, Сарыарқа ауданында – 34 574 текше метр.

Астана қаласы Коммуналдық шаруашылық басқармасының хабарлауынша, аталған кезеңде тиісті жұмыстарға 1 314 техника және 1 700 жұмысшы тартылды:

– Алматы ауданында – 432 техника, 623 жұмысшы;

– Сарыарқа ауданында – 346 техника, 405 жұмысшы;

– Есіл ауданында – 536 техники, 672 жұмысшы.

Сонымен қатар, көктайғақты жою үшін 45 құм шашатын машина күн сайын жолдарға арнайы реагент себеді. Жалпы, 367 текше м құм-тұз қоспасы төселді.

Коммуналдық шаруашылық басқармасынның хабарлауынша, бұл – көктайғақ кезінде көліктердің қозғалысын жақсартуға мүмкіндік береді. Ал мұз еріген соң арнайы техника көмегімен жолдар қоспадан тазартылады. Осылайша, елорда жолдарында тазалық сақталады.

Айта кетейік, қала көшелерін тазалаумен «Астана Тазалық» ЖШС, «Астана Зеленстрой» АҚ, «Астана Орманы» ЖШС, сонымен қатар, аудан әкімдіктері бөлінісінде мердігерлік ұйымдар айналысады, соның ішінде:

– Алматы ауданы бойынша – 44 мердігерлік ұйым;

– Сарыарқа ауданы бойынша – 24 мердігерлік ұйым;

– Есіл ауданы бойынша – 22 мердігерлік ұйым.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары