Тамбов облысындағы құс фермасында 3 мыңға жуық түйетауық кесірткеден қорқып, қырылып қалды. Бұл туралы «РСХБ-Страхование» сақтандыру қорының сайтында жазылған.
Барлығы 2848 құс өлген. Компания мәліметінше, құстар тұратын ғимарат ішіне үлкен кесіртке кіріп кетіп, түйетауықтарды үркіте бастаған. Шошынған құстар бір-бірін таптап, көпшілігі тұншығып өліпті. Инкубаторда барлығы 660 мың түйетауық болған.
Өлген құстар тиесілі «Тамбовская индейка» компаниясы бүкіл мүлкі мен өнімдерін сақтандырып үгерген екен. Нәтижесінде, «РСХБ-Страхование» қоры аталған компанияға 1,57 миллион рубль өтемақы төледі.