$ 498.34  519.72  4.85

Түркістанда 3 жол апатынан екі адам қайтыс болды

Түркістанда екі күн ішінде үш бірдей жол апаты болып, екі адам ажал құшты. Көліктерде болған тағы  4 адам түрлі дене жарақатымен ауруxанаға түскен. Бұл туралы қаланың прокуроры Руслан Әбдірайымов Facebook әлеуметтік желісінде жария етті. 

Руслан Әлжанұлының айтуынша, қайтыс болғандардың бірі пайғамбар жасынан асқан қария болса, екіншісі 58 жастағы әйел. Қарт кісіні көлік қағып кетіпті. 

«Пайғамбар жасынан асқан жаяу жүргіншіні қағып, қазаға ұшыратқан 1995 ж.т. жүргізуші қамауға алынды, ал екіші көлік оқиғасы артынғы доңғалағы жарылып, көліктің аударылуынан жүргізушінің 58 жастағы анасы көз жұмды. Тергеу барысында бұл азаматтың да бұлтартпау шарасын қараймыз», - деп жазды прокурор.

Ол сондай-ақ, өзгелерге сабақ болу үшін алдағы уақытта жол апатына ұшыраған көліктердің суреттерін өзінің Facebook-парақшасына жариялап отыратынын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары