Былтыр 27 желтоқсанда телефон арқылы сөйлесу барысында жасалған уағдаластыққа сәйкес, Қазақстан Президентінің 9 қаңтарда Берлинде Германия Федералдық канцлері А.Меркельмен бейресми кездесуі жоспарланған, деп хабарлайды Skifnews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ Украинадағы жағдай талқыланады.
Сонымен қатар, неміс тарапының өтініші бойынша Мемлекет басшысының Германия федералдық сыртқы істер министрі Ф.В.Штайнмайермен кездесуі көзделген.