$ 498.55  524.28  4.75

Екі жұмысшының өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды

Ақмола облысының Державинск қаласында су құбырының бойында болған апатты жою кезінде бетон плита құлап, мерт болған екі адам өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Skifnews.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға қаңтардың 7-і күні Жарқайың ауданының Державинск қаласындағы Бейбітшілік көшесінің бойындағы №71 тұрғын үй маңында орын алған. Жарылған су құбырын жөндеу барысында шұңқыр жарының опырылып құлауынан «Коммунсервис» коммуналдық кәсіпорнының 1993 және 1995 жылғы екі жұмысшысын бетон плита басып қалды.

Қазіргі таңда осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 156-бабының 4-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары