Астана түбінде жолда дөңгелек алмастырып жатқан жүргізушіні көлік қағып өлтіріп кетті, деп жазады "Sputnik Қазақстан" ішкі істер департаменті сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 20 тамызда Аршалы ауданында Түрген ауылына жақын жерде болған.
"Mercedes көлігінің 61 жастағы жүргізушісі апаттық ескерту белгісін қойып, сол жақ артқы дөңгелегін айырбастап жатады. Сол кезде Астанаға қарай кетіп бара жатқан басқа Mercedes көлігінің 42 жастағы жүргізушісі 61 жастағы ер адамды қағып кеткен, зардап шегуші алған жарақатынан көз жұмды", — деп хабарлайды полиция.
Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады. Тергеу жұмыстары басталған.