Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігімен, 120-бабы 1-бөлігімен айыпты деп танылған аталған аудан тұрғыны 3 жыл 9 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz.
БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ол жазасын жалпы тәртіптегі түзету колониясында өтейтін болады.
Сотта анықталғандай, ер адам ауылға қонаққа келген әйелге күш қолданып, зорлауға әрекет жасаған. Алайда, оқиға болған үйдің терезесін біреудің қағуынан ол арам ойын іске асыра алмаған.