$ 498.51  522.84  4.81

Ақтөбеде жекеменшік үйдегі жарылыстан алты адам зардам шекті

Кеше кешқұрым Ақтөбе қаласы маңындағы Заречный-1 кентіндегі екі иеліктегі жекеменшік үйде газ жарылды, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Жарылыс туралы хабарлама ТЖ қызметіне сағат 21.06 минутта түскен.

Бүгін облыстық ТЖ департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Айман Күмісбаева хабарлағандай,  оқиға орнына келген ТЖ қызметкерлер жартылай құлаған үйді және  жарылған 5-литрлік баллонды көрген.

Жарылыстан және өрттен 6 адам зардап шекті. Оның ішінде он жасар бала бар. Олардың беттері мен бастарын 2-3 дәрежелі күйік шалған. Барлығы дерлік жедел медициналық көмек ауруханасына жеткізілді. Бастапқы нұсқа – газ баллонның неліктен жарылғаны тексерілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары