$ 444.32  473.33  4.76

Студенттердің оқытушыларға беретін пара көлемінің мөлшері белгілі болды

«Нұр Отан» жастар қанаты «Таза сессия» акциясы аясында студенттерден сауалнама жүргізіп, жоғарғы оқу орнында оқытушылар алатын параның көлемі туралы білді.

Аталған сауалнамаға 62 қазақстандық оқу орны қатысқан деп жазады aktobetimes.kz.

Сауалнамаға қатысқан студенттердің 90 пайызы оқу орындарындағы жемқорлықпен күресу мүмкін емес деп ойлайды.

ЖОО-лардағы оқу «бағасы»:

1. Сессияны сәтті жабудың орташа бағасы – 29 мың теңге

2. Бір сынақтың бағасы («өте жақсы») – 12 мың теңге

3. Курстық жұмыс бағасы – 13 мың теңге

4. Дипломдық жұмыс бағасы – 60 мың теңге

5. Жатақханадағы орын бағасы – 15 мың теңге

6. Ақылы оқудан мемлекеттік грантқа ауысу – 200 мыңнан 500 мыңға дейін

7. Әскери кафедраға түсу – 500 мың теңге

Пара алатын мұғалімдер арасында жасы да, кәрісі де бар. Тіпті, бір сабақтан қалғаны үшін 200 теңге алатын оқытушылар да кездесіпті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары