$ 447.4  477.55  4.76

Балқаш қаласы мен Сарышаған аралығында жол жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды облысы аумағындағы республикалық жолдың учаскесі жабылды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

«Қазақавтожол» РМК мәліметіне қарағанда, «Екатеринбург-Алматы» жолының 1858-1992 шақырымындағы Балқаш қаласы мен Сарышаған аралығында көлік қозғалысы шектелді. Атап айтқанда, бұл аумақтағы жауын мен көктайғақ көлік қозғалысын қиындатып отыр, сондықтан да автокөліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынды. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары