$ 444.32  473.33  4.76

Париж редакциясына шабуыл жасаған күдіктілер тұрғындарды тұтқынға алды

Париж аумағындағы Сена мен Марна департаменттерінде белгісіз біреулер тұрғындарды кепілдікке алды, деп хабарлайды RTL радиосы.

Париж іргесіндегі Уаз департаментінде полиция мен лаңкестікке күдіктілер арасында атыс болып, 2 адам қаза тапты. Тағы жиырма адам түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алған деп жазады Le Parisien.

Бұған дейін Charlie Hebdo журналының кеңсесіне шабуыл жасаған ағайынды Шериф пен Саид Куашилер Даммартен-ан-Гоэль қалашығында адамдарды кепілге алғандығын хабарлаған болатын.

Күдіктілер CDT баспа үйінің ғимаратына бекініп, құқық қорғау органдарының жасағымен қарулы қақтығысқа барды. Әзірге кепілде қанша адамның болғаны белгісіз күйінде қалып отыр. Қазіргі таңда баспа үйі орналасқан өндіріс аймағы түгелдей қоршауға алынған. Арнайы жасақ маңайды жерден де, әуеден де күзетіп жүр.

Қаза тапқандардың кім екені айтылған жоқ. Дегенмен, Париж прокуратурасы олардың қатарында арнайы жасақ сарбаздарының жоқтығын мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, 7 қаңтар күні Франция астанасында суық қаруланған үш адам карикатуралық журналдың кеңсесіне келіп, 12 адамды атып өлтірді. Олардың 10-ы басылым қызметкерлері болса, екеуі полицейлер.

 

Қарақшылардың үшеуі де оқиға орнынан ізін жасырған. Қазір бұл іс террорлық әрекет деп бағаланып, күдіктілерді ұстау операциясы жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары