Жаңалықтар 09.01.2015 сағат 11:52

ОҚО-да үйінде есірткі сатқан ер адам ұсталды

8 қаңтар күні Түркістан стансасындағы желілік полиция бөліміне 41 жастағы ер адамның өз үйінде есірткі затын сататыны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Skifnews.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Түркістан желілік полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел іздестіру шарасы барысында заттай айғақ ретінде 5 граммға жуық «марихуана» есірткі заты және 3000 теңге қаржы табылды. Көлік полицейлері күдіктінің тұрғылықты мекен-жайын тінту кезінде тағы да 7 граммға жуық есірткі тапқан», – дейді облыстық көліктегі ІІД баспасөз қызметінің мамандары.

Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-бөліміне сәйкес, яғни есірткі, психотроптық заттарды, сол тектес заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту және өткізуге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар