$ 498.34  519.72  4.85

Міндетіне немқұрайлы қараған әскери қызметші қамауға алынды

Шымкентте әскери қызметші 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Bnews.kz 

Шымкент қаласындағы №6698 әскери бөлімі қызметшісінің үстінен қозғалған әкімшілік істі қалалық мамандандырылған әкімшілік соты қарады. 

Сот отырысында анықталғаны, Шымкент қаласы №6698 әскери бөлімі, 4-ші жеке атқыштар ротасы, бақылаушылар взводының маман бақылаушысы қызметіне немқұрайлы қарап, алты тәулікке қызмет орнын рұқсатсыз тастап кеткен. 

Сот залында айыпталушы өз айыбын толық мойындап, мұндай жағдай енді қайталанбайтынын жеткізді. 

Әйтсе де, судья оған ҚР ӘҚБтК-нің 512-2 бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы үкім шығарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары