$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстанның басым бөлігінде күн қайта ысиды

«Қазгидромет» РМК 29 тамыз бен 1 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады ҚазАқпарат.

Республикамызда өткен тәуліктерде  ауа температурасы климаттық нормадан 2,7 градус жоғары болды. Алдағы күндері батыс, солтүстік, орталық және шығыс облыстардың кей аудандарында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, бірақ ең жоғары ауа температурасы 28-37 градус болады.

Республиканың оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында Батыс Азиядан өте ыстық ауа келеді, сондықтан бұл жерлерде күн қатты ысып, күндізгі ауа температурасы 32-41 градусқа дейін көтеріледі. Сондықтан Қазақстанның бүкіл аумағында  ауа температурасы нормадан 2-8 градус жоғары болып сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары