$ 449.58  486.94  4.86

Астанада ОҚО күндері аясында тегін қауын-қарбыз таратылады деген ақпарат жалған - әкімдік

Елорда басшылығы мен ОҚО әкімдігі Астанадағы Оңтүстік-Қазақстан облысының күндері аясында бақша өнімінің тегін таратылуы туралы ақпарды жоққа шығарады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Естеріңізге сала кетсек, жуырда БАҚ және әлеуметтік желілерде Астанадағы Оңтүстік-Қазақстан облысының күндері 40 тонна қауын-қарбыз өнімін тегін таратудан басталады деген жалған ақпарат таралған.  

ОҚО күндері Астанада 29 тамызда басталып, 3 қыркүйекке дейін жалғасады. Ауқымды іс-шара ЭКСПО-2017 аясында ұйымдастырылған. Бағдарламада «Қазыналы Оңтүстік» қолөнер шеберлерінің көрмесі, концерттер, анимациялық және көркем фильмдердің көрсетілімі күтілуде. Қойылымдарды Ж. Шанин атындағы облыстық академиялық театр, облыстық орыс драма театры, сатира және әзіл-оспақ театры, қуыршақ театры және  «Оңтүстік-цирк» әртістері қояды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары