$ 443.35  475.54  4.82

Шымкентте мас жүргізуші 10 жасар қызды қағып өлтірді

Шымкентте спирттік ішімдікке сылқия тойған ер азамат өз көлігімен 10 жасар қызды қағып өлтірді. Оқиға 30 тамыз күні кешке Еңбекші ауданында орын алған деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Оқиға орнына жеткен полицейлер 1966 жылы туған жүргізушіні ұстады. Ол «Ваз-21102» көлігінің тізгініне ие бола алмай, 2007 жылғы қызды қағып кеткен. 5 сыныптың оқушысы алған дене жарақаттары салдарынан ауруханаға жеткен кезде қайтыс болды.

Сараптама көрсеткендей, «Ваз-21102» көлігінің тізгінінде болған 51 жастағы ер азамат мас күйде болған. Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабымен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары