$ 444.22  476.38  4.82

"Арселор Миттал Теміртау" шахтасында төтенше жағдай орын алды

Қарағанды облысы Шахтинск қаласында бүгін таңертең төтенше жағдай орын алды. "Арселор Миттал Теміртау" компаниясына тиесілі "Қазақстандық" шахтасында метан газының тарап кетуі салдарынан адамдар қаза тапты.

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді. Оқиға таңғы төрттер шамасында орын алған.

"Шахтада алдын ала болжам бойынша 136 адам болған. Ал, апат болған бөлікте 4 жұмысшының болғандығы анықталды. Әзірге қолда бар мәліметке сәйкес, олардың үшеуінің өлі денесін шахта жұмысшылары тауып алған. Қазір оқиға орнында ҚР ИДМ Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің құтқарушы мамандары жұмыс істеп жатыр", - делінген ҚР ІІМ ТЖК таратқан хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары