Париждегі Charlie Hebdo сатиралық журналының редакциясына жасалған шабуылды тергеуге қатысқан полиция комиссары өзіне-өзі оқ атып, көз жұмды, деп хабарлайды khabar.kz.
45 жастағы Эльрик Фредудың жансыз денесі Лимож қаласындағы жұмыс кабинетінен табылған. Фреду қаңтардың 9-нан 10-ынан қараған түні табельдік қарумен атылып өлген көрінеді. Ол осының алдында Париждегі лаңкестік құрбаны болған 1 адамның туыстарынан жауап алып, куәгерді тергегені туралы есеп ұсынуы керек еді. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Соңғы күндері ол қатты қалжырап, күйзеліс жүрген көрінеді.
Естеріңізге сала кетейік, 7-ші қаңтарда содырлар Париждегі Charlie Hebdo журналының редакциясына шабуыл жасап, 12 адамды өлтірген болатын. Кейін ағайынды Саид және Шериф Куашилердің көзі жойылды. Лаңкестік әрекетті «Ислам мемлекеті» деген атауды жамылған экстремистік ұйым өз мойнына алды.