$ 498.34  519.72  4.85

Астана тұрғыны KFC-ді бүлінген өнімдер жайлы жалған ақпаратпен бопсаламақ болған

ҚР ІІМ өнімдердің бүлінгені жайлы жалған ақпарат таратып, KFC компаниясын бопсалауға тырысқан адамды ұстады, деп хабарлайды аталмыш компания өкілдері.

2014 жылғы қазан айында Қазақстан аумағында «KFC» сауда белгісінің иегері «Caspian International Restaurants Company» (CIRC) компаниясының атына белгісіз азаматтан электрондық түрде бүркеншік хат түскен. Онда ол егер компания 5 000 000 теңге көлемінде «өтемақы» төлемесе, «KFC» өнімінде құрт бар екендігі туралы ақпаратты таратып жіберетіні жайлы айтып, бопсалаған.

Хатты алып компания басшылығы ҚР ІІМ-ге аталған факті бойынша шара қабылдау шағымымен жүгінеді.

ҚР ІІМ қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізгеннен кейін 2014 жылғы желтоқсанда ақшалай қаражатты алып жатқан кезінде 1982 жылғы азаматша С-ны ұстайды.

Астана қаласы ІІД Тергеу басқармасы азаматша С-ны ҚК 181-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыс жасағаны үшін айыптап отыр. Есіл аудандық соты азаматша С-ны 2 ай мерзімге тұтқындауға санкция берді.

12 қаңтарда сағат 15:00-де Астана қ. Мамандандырылған ауданаралық соты аталған қылмыс бойынша бірінші тыңдауды тағайындады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары