12.01.2015, 11:05

Астанада және Ақмола облысында дауылды ескерту жарияланды

Сурет, miass.bezformata.ru

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астанада және Ақмола облысында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz «Қазгидромет» РКМ-ға сілтеме жасап.

«13-14 қаңтарда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан қатты жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с дейін күшейеді, кей жерлерінде жаяу бұрқасын мен көктайғақ күтіледі», − делінген хабарламада.

Ал, Астана қаласында  13-14 қаңтарда оңтүстік-батыстан қатты жел соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді деп болжануда.