Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты қар жауып, бұрқасындатады, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді, деп хабарлайды Skifnews.kz.
«Қазгидромет» РКМ-ның хабарлауынша, Жамбыл, Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман түседі деп болжануда, көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады.
Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі.
Алматы облысында кей жерлерде тұман түсіп, күндіз Жалаңашкөл ауданында 15-20 м/с жел соғады.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болады, түнде кей жерлерде желдің күші 15,-20, күндіз де 15-20 м/с-ті құрайды, екпіні 25 м/с-ке жетеді деп күтілуде.
Ақмола облысында кей жерлерде бұрқасындатып, көктайғақ болады, түнде желдің жылдамдығы 15-20, күндіз кей жерлерде екпіні 25 м/с-ке жетеді. Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар облыстарында кей жерлерде бұрқасындатып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, Қарағанды облысында кей жерлерде көктайғақ болады. Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз 15-20 м/с жел соғады деп күтілуде. Атырау облысында кей жерлерде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке күшейеді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде бұрқасын болып, 15-20 м/с жел соғады. Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болады.