14.01.2015, 03:10

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады

Сурет, addfun.ru

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен қар жауып, бұрқасындатады, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

«Қазгидромет» РКМ-ның хабарлауынша, Алматы облысында кей жерлерде тұман түсіп, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. 

Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді. 

Ақмола облысында кей жерлерде бұрқасындатып, көктайғақ болады, түнде желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с-ке дейін, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді.  Күндіз Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін барады. 

Маңғыстау облысында тұман түседі деп күтілуде. 

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде көктайғақ болып, тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады деп болжануда. 

Ақтөбе, Павлодар облыстарында кей жерлерде бұрқасындатып, 15-20 м/с жел соғады. 

Қостанай облысында кей жерлерде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болады, түнде 15-20 м/с жел соғады, екпіні 23 м/с-ті құрайды.  Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болады деп күтілуде, бұл аймақтарда да 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.