Еліміздің басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен қар жауып, бұрқасындатып, көктайғақ болады, жел күшейеді, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Қазгидрометтің хабарлауынша, тек республиканың оңтүстік-батысында күн ашық болады.
Алматы облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, Жалаңашкөл ауданында 15-20 м/с жел соғады.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 18-23 м/с-ке дейін күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады деп болжанған.
Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында бұрқасындатып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Атырау облысында кей жерлерде тұман түседі.
Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде.
Қарағанды, Қостанай облыстарында кей жерлерде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатып, 15-20 м/с жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын болып, 15-20 м/с жел соғады, Жарма ауданында желдің екпіні 25 м/с-ке дейін барады.